Ержан Серікбаевқа арнап бейнеклип түсірілуде - Өнер|19 Шілде 2012, 16:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ержан Серікбаевқа арнап бейнеклип түсірілуде

Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешкен марқұм Ержан Серікбаев дүниеден өтсе де, есімін мәңгі өшірмейтін әндері, оны сүйіп тыңдайтын тындармандары қалды артында, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

«Алға қазақ жігіттері», «Достар», «Туған ел» деп жырлаған өнер иесін еске алып, оның нағыз әкелік махабатын көрсетіп, сағыныш сезімін тудыратын «Әке» туралы әнге ұлы Бейбарыс Ержанұлы бейнеклип түсіруге кірісті. Бұл әнді марқұм Ержан Серікбаевтың өзі кезінде әкесіне арнап шығарған екен. Алайда әнге ол бейнеклип түсіріп үлгермеді.

«Мен әкеме деген сағынышымды осылайша білдіргім келді. Әрине, ол өмірде жоқ болса да, оның артында қаншама дүние қалды. Әкемнің есімі мәңгілік есте қалсыншы деген ниеттемін. Жаңа клип қазір монтаждалу үстінде, бірер күнде дайын болады, көрермен назарына ұсынбақшымын», - дейді Е.Серікбавтың ұлы Бейбарыс Ержанұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер