BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмін келер жылы көре аламыз

Астана. 4 желтоқсан. BAQ.KZ – «Қазақфильм» киностудиясы «Ер Төстік және Айдаһар» деп аталатын алғашқы толықметражды анимациялық жобасының түсірілімін аяқтады. Бұл жайында киностудия мамандары мәлім етті. 

Фильмнің тұсаукесері Астана қаласында ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған шаралар барысында көрсетіледі. «Қазақ анимациясының тарихы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қысқаметражды мультфильмінен басталады. Содан бері 45 жыл өтті. Енді міне, тарихта алғаш рет «Қазақфильм» «Ер Төстік және Айдаһар» деп аталатын үлкен жобаны прокатқа шығаруға дайын» делінген киностудия мамандары таратқан ақпаратта.
Аталған фильм толықтай қазақ тілінде түсірілген және халық ертегісіне негізделген. 3D форматтағы мультфильмді көрермендер назарына ұсыну 2013 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ, келер жылы «Мың бала» көпсериялы анимациялық телехикаясы мен «Асықтың тарихы» атты толықметражды анимациялық фильм де қалың көрерменге жол тартады. Мамандар ұлттық анимациялық кейіпкерлерден мультибренд жасап, комикс-кітаптарын, қуыршақтар, компьютерлік ойындар жасап шығаруды да көздеп отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер