BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада "Шырайлы Шымкент" фотокөрмесі өтті

Фото: Ержан Жаубай

Шымкент қаласының күнін мерекелеу аясында 24-25-қыркүйек күндері Астана қаласындағы «Керуен» СОО-да «Шырайлы Шымкент» фотобайқауына қатысушылардың ең үздің деп танылған суреттерінен көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Екі күнге созылған көрмені тамашалаушылар көп. Елордалықтардың барлығы бірдей Шымкентке барып, оны көздерімен көрмегені белгілі. Ал кәсіби біліктілікпен түсірілшен Шым қаланың шынайы келбетін көрген қала тұрғындары таңданыстарын жасыра алмады.

"Фотокөрменің өтіп жатқанын білмеппін. Серуендеп жүріп көріп қалдым. Керуен ОСО 3 қабатында тұр екен. Танысы бар таныс емесі бар бірнеше фотографтардың жұмыстары қойылыпты. Көбі жастар секілді. Ұнағаны Мақсат Шағырбаевтың фотолары болды. Позитив бар жұмыстарында" - дейді Астана қаласының тұрғыны Данияр Алан.

Оннан астам фотографтың еңбегі қойылған шағын ғана көрмеде Оңтүстіктің көрікті жерлері, қала тіршілігі, адамдар бейнеленген. Тұрар Қазанғапов, Әйгерім Төлбасы, Мақсат Шағырбаев т.б. қатарлы фотографтардың кәсіби шеберлігі еріксіз назар аудартады.

Сонымен қатар, көрмеде көрермен назарына мәскеулік фотограф Дмитрий Чистопрудовтың Шымкент туралы жұмыстар топтамасы ұсынылды. Барлығы өте жақсы ұйымдастырған көрменің бір әттеген-айы таныстырылымы, Шымкент туралы 13 қызықты ақпарат өзге тілде жазылған екен. Қазақ елінің ең мәйекті өңірінен, қазақы қаймағы сақталған облыстан келген көрменің неге ресми тілде жазылғанын біз түсіне алмадық. Ұйымдастырушылар бұл олқылықты алдағы уақытта ескерер деп ойлаймыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер