Еліміздің ақпарат кеңістігі тағы бір телеарнамен толықты - Өнер|31 Тамыз 2012, 12:21
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің ақпарат кеңістігі тағы бір телеарнамен толықты

АСТАНА.  31 тамыз. Бүгін түнде тәулік бойы жаңалықтар көрсететін «24KZ» телеарнасы іске қосылады. Осыған орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Қазмедия орталығында болып, журналистерге брифинг өткізді.

Жаңа телеканал «Хабар» агенттігінің базасында құрылады. Телеарна әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ауқымды ақпарат беріп, Қазақстанда болып жатқан жаңалықтардан хабардар етеді.  «24KZ» «ОтауТВ»  ұлттық спутниктік желісі арқылы және кабельдік желілерде көрсетіледі. Арна күн сайын 48 жаңалықтар топтамасы мен 40 ақпараттық тақырыптық бағдарламаларды эфирге шығарады.

«Бүгін шын мәнінде айтулы күн болғалы тұр. Елбасының тапсырмасымен «24KZ» телеарнасы ұйымдастырылып жатыр. Мұның өзі Қазақстандағы ақпарат құралдарына деген қамқорлық. Бұл шын мәнінде Орта Азияда теңдесі жоқ арна болады. Оның дәлелі осы Медиа орталықтың ашылуы. Бұл Медиа орталық бізге сол идеяларды жалпы жаңғырту мәселелерін жүзеге асыруға жәрдемін тигізеді деп ойлаймын. Бұл орталық бізге CNN, BВC, Euronews сынды әлемдік телеарналар стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді»,-деді Д. Мыңбай.

Министрдің атап өтуінше, «24KZ» HD сапасындағы бейнесі бар тең салмақты хабар тарататын алғашқы отандық телеарна болмақ. Ақпараттық арнаның эфирлік саясаты «Әрбір жарты сағат сайын жаңалықтар» қағидасы бойынша қалыптасқан. Ал олардың арасындағы эфирлік уақыт тақырыптық бағдарламаларға бөлінеді.

Бүгін 23.30-да Қазмедиа орталығы алаңында «24KZ» арнасының іске қосылуының ресми тұсаукесері өтеді. Іс-шараның тікелей көрсетілімі «Хабар» және «Еларна» арналарынан көруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер