BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Елбасына тілек» байқауының үздік жұмыстары Ақордаға берілді

Астана. 29 қараша. BAQ.kz Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне Астанада «Елбасына тілек» балалар шығармашылығының І қалалық байқауына арналған көрме ұйымдастырылған болатын деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты  

Ондағы үздік жұмыстар Ақордаға берілді. Белгілі болғанындай, осы аптада олар енді ресми түрде Тұңғыш Президент Мұражайына өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Еске салайық, Байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдары: балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен 400-ден астам жұмыс қабылданды. Байқау ережесіне сәйкес жұмыстар әртүрлі техникада орындалды, яғни, тоқыма материалдарынан, ағаш және металлдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен картиналар, коллаж жұмыстары болды.
Гран-приді мына авторлар алды: Клычёва Ратмира («Пәк жүректен» жұмысы), Иванюкова Ирина («Киіз үй» коллажы), Тілектес Ерасыл («Тәуелсіздік монументі» жұмысы), Қойлыбаева Ақтоты («Шаңырақ» жұмысы). 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер