BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ел іші – өнер кеніші»

Астана. 31 қазан. BAQ.KZ – Астанада «Ел іші – өнер кеніші» деген айдармен өткен республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауы өз мәресіне жетті. Шараға еліміздің барлық аймақтарынан және Астана мен Алматы қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысып, жиылған қауымға өнерлерін көрсеткен болатын. 

Айта кетейік, шараның іріктеу кезеңдері алдын ала барлық өңірлерде өткізілген еді. Өз облыстарында жеңімпаз атанып келген өнерпаздардың бұл қорытынды гала-концерті. Мұндағы басты мақсат – жаңа дарындарды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін дамыту. Сонымен қатар, ұлттық мәдениетті жандандыру, сақтау және дамыту болып табылады.
Жиында сөз алған еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай «Бұл түптеп келгенде қазақ өнерін, қазақ мәдениетін қолдау болып табылады. Бүгінгі Астанадағы қорытынды кешке 63-ке жуық азамат келді. Бұның барлығына жәрдем берген облыстық мәдениет басқармаларының бастықтарына және облыс әкімдіктеріне рахметімді айтамын» деп ойын білдірген еді.
Кеш соңында шараға келген көрермендер ең үздік өнер ұжымдарын таңдады. Осылайша, көрермендер көзайымы, яғни ең үздік топ ретінде Батыс Қазақстан облысы танылды. Ал, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы еншілесе, үздік үштікті шығысқазақстандықтар қорытындылады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер