BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Экшн фильмдер фестивалі өз жеңімпаздарын анықтады

Астана. 4 шілде. BAQ.KZ – Астана күніне орай өткізілген экшн жанрындағы фильмдер фестивалі де өз мәресіне жетті. Кеше осы шара аясында ұйымдастырылған ART FEST байқауы өз жеңімпаздарын анықтап, арнайы жүлделерін үлестірген болатын. 

 Байқауға Қазақстан мен Ресейдің және Жапония, Қытай, Корея сынды киноиндустриясы дамыған алпауыт елдердің жас сценаристері, режиссерлары, операторлары, суретшілері және аниматорлары қатысты. Төрт номинация бойынша бәсекеге түскен жүзден астам жас маманның негізгі мақсаты «Астана қаһарманын» анықтау еді.
«Бір күн ішінде түсірілген бейне» номинациясын Қазақстан мен Қытайдың мамандары біріге түсірген «Әбілқайыр» жобасы жеңіп алды. Ал, «Костюм» номинациясының бас жүлдесі қазақстандық Дина Бусикова мен Қытай азаматы Эван Кимнің «Қасқыр» деп аталатын ортақ жобасына бұйырды. Сонымен қатар, қытайлық команда Яо Ченг пен Лиюи Янгтың «Батыр» деп аталатын еңбегі «Анимация» номинациясының үздігі деп танылса, «Комикс» байқауында «Астана Қаһармандары» жобасы теңдессіз деп танылды.
Шараны ұйымдастырушылар фестивальге қатысқан өзге дарынды режиссерлар мен сценаристерді жүлдесіз қалдырған жоқ. Сондай-ақ, осынау шараға келіп мастер-класс жүргізген шетелдік сала мамандарының да еңбегі елеусіз қалмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер