BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЕХРО-2017 көрмесін өткізу аясында Ұлттық жоспар түзіледі

Астана. 7 желтоқсан. BAQ.KZ. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу аясында ұзақ мерзімді Ұлттық жоспар түзіледі. Құқықтық, рәсімдік, қаржылық құжаттар нақтыланады.  

Үш айға созылатын көрмеге қатысатын 5 миллион саяхатшыны қабылдауға жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұл жөнінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен өткен Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Жиында ЕХРО көрмесін өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу, көрмеге арналып салынатын нысандарды шарадан кейін де халықтың пайдасына жарату туралы сөз болды. Шараға мемлекеттік органдардан бастап, барлық Үкіметтік емес ұйымдар, аймақтардың әлеуеті, ғылыми зерттеу институттары түгелдей тартылады. Жалпы, ел тарихында бұрын- соңды болып көрмеген ауқымда іс шараны өткізу үшін, жаңа үйлестіруші орган құрылмақ. Бұл мекеме «ЕХРО корпорация» деп аталады.
kaztrk.kz 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер