BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қолөнер шеберлерін марапаттады

Бүгін Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Наурыз мерекесіне орай «Туған жерге тағзым» атты қолөнер шеберлерін сыналту бәсекесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бар қазақтың басын қосқан айтулы ұйымның ұйытқы болуымен өткен шараға атажұртқа аңсап жеткен қандастарымыз текке келмегенін танытты. Оразкүл Асанғазы, Меруеш Башай қатарлы танымал тұлғалар төрелік еткен сайыста ұлтымыздың рухани жәдігерлерін жандарына серік еткен қолөнер шеберлері сыңға түсті.

Баба дәстүрді бүгінге жеткізіп, болашаққа аманат еткен 30-ға жуық шебердің қолынан шыққан бұйымдарды, сырмақ, кесте, тұскиіз, қамшыны көрген қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды.

«Кесте тігу» аталымы бойынша орын алғандар:

Үшінші орын – Гүлнәз Рәшқызы

Екінші орын – Гүлнұр Оразбайқызы

Бірінші орын – Гүлнұр Тоқанқызы

«Сырмақ тігу» аталымы бойынша:

Үшінші орын – Әсия Нұрбай

Екінші орын – Нәзира Мәжит

Бірінші орын – Бақытжан Қабылатқызы

«Өрімші» аталымы бойынша бір ғана үміткер болды. Талапхан Азамат есімді қария өрімшілерге тиесілі бірінші орында шаппай бәйге алғандай иеленді.

«Суретші» аталымы бойынша:

Үшінші орын – Құрманхан Хансейіт

Екінші орын – Бауыржан Жалын

Бірінші орын – Мұратбек Серікжан

Барлық жүлдегерлерге 20, 30, 40 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

Қазылар алқасының төрайымы Оразкүл Асанғазы барлық қатысушыға алғыс айтып, наурыз мерекесімен құттықтады.

«Сіздер атажұртқа оралғанда текке келмегендеріңізді таныттыңыздар. Осы өнерлеріңізді кейінгі ұрпаққа жеткізіп, солардың бойына сіңіре білсеңіздер нұр үстіне нұр болар еді» - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер