BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дулат Исабековтің 70 жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалі басталды

Алматы.10 қазан. BAQ.kz - Алматыда 10-16 қазан аралығында көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Исабеков әлемі» атты Халықаралық театр фестивалі өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

  Фестивальге Ресей Федерациясының, Түркия, Болгария, Тәжікстан және Башқұртстан Республикаларының, сондай-ақ отандық театрлар қатысады. Фестивальдің бағдарламасы бойынша Д.Исабековтің «Жаужүрек», «Ескерткіш», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Актриса», «Тор», «Мұрагерлер», «Әпке», «Құстар фестивалі» пьесалары көрерменнің назарына ұсынылады.

  Мәдени шараға қатысушы театрлардың қойылымдарын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрларының сахналарынан тамашалауға болады.

  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестивальдің негізгі мақсаты халықаралық мәдени байланысты нығайту, қазақ драматургиясы және Қазақстан театр ұжымдарының өнерін насихаттау, ерекше идеяларға қолдау көрсету арқылы драматург пен театр арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер