BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұлдыз Уәлихан мен Досжан Табылды қайырымдылық кешке шақырады

2018 жылдың 14 сәуірінде, сағат 17: 00-де Astana Music Hall –да «Сенің бағыңда» атты музыкалық альбом мен ғажайып шоудың тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға белгілі опера әншісі Жұлдыз Уәлихан, танымал балет әртісі Досжан Табылды, композитор Сырым Нәбиқұлов және т.б. қатысады.

Жобаның басты мақсаты – өнер арқылы еліміздегі онкологиялық ауруларға шалдыққан науқас балаларға қол ұшын беру. Қоғамды, барша адамзатты мейірімділікке, игі істер мен әрекеттерге шақыру.

Алғаш рет қазақстандық қана емес, сонымен бірге әлемдік сахнада өнер көрсететін бірегей опера әншісі мен танымал балет әртісі ерекше шоуды жаңа форматта ұсынбақ.

Шоу әйгілі әлемдік опера, халық әндерімен қатар, балеттің жаңаша қойылымдарынан тұрады. Музыкалық нөмірлер дыбыс, дауыс және би арқылы түрлі сезімнің бүкіл драматургиясын көрсетеді. Жаңа көрсетілімдегі опера мен балет өнері рухани көңіл-күй ғана сыйлап қоймай, сонымен бірге еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қоспақ.

Жұлдыз Уәлиханның әсем дауысы мен Досжан Табылдының керемет пластикасы көрерменге барлық таңғажайып сезімдер мен эмоцияларды тарту етеді. Екеуі бірігіп өнер арқылы махаббат, сезім, адамгершілік, арман, бейімділік, ынтызарлық және сұлулық туралы баяндайды.

Сондай-ақ, музыкалық шоу аясында «Сенің бағыңда» атты жаңа клиптің тұсаукесері өтеді. Сенің бағыңда музыкалық альбомы бір жыл көлемінде әзірленді. Түсірілім жұмыстары Италия мен Қазақстанда өтті.

Сенің бағыңда - бұл ғажайып әсерге бөлейтін жоғары сапалы, режиссерлік жұмыс. Сахнадағы көрініс пен декорацияның лезде өзгеруі драйв сезімін арттыра түспек. Жаңаша жарық қондырғылары, күрделі арнайы эффекттер, музыка, қозғалыс бір жерде тоғысады.

Аталған шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, шоу-бизнес өкілдері және т.б қатысады. Сол кеште сахнада қатерлі ауруға шалдыққан баланың есімі аталып, анасына музыкалық дискінің сатылымынан түскен қаржы табысталып еміне аударылатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
04 Қаңтар 2019, 17:14
Қайырымдылық
Пікірлер