Дина Хамзина Македонияда өнер көрсетеді - Өнер|30 Мамыр 2016, 11:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дина Хамзина Македонияда өнер көрсетеді

Астана 30 мaмыр. Baq.kz – Ертең Македония опера және балет театрының (Скопье) сахнасында опералық фестиваль аясында Дж. Вердидің «Аида» спектаклі қойылады. Амнеристің рөлінде «Астана Опера» театрының опера труппасының жетекші солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, теңдесі жоқ меццо-сопрано иегері Дина Хамзина өнер көрсетеді.

Әнші македониялық труппамен дайындық жүргізу үшін Скопьеге 27 мамырда келген болатын. Айта кету керек, бас партияларды Весна Гиновска-Илкова (Aида), Дина Хамзина (Амнерис; Қазақстан), Рубенс Пелиццари (Радамес; Италия), Игор Дурловски (Рамфис), Котецу Казухиро (Фараон; Жапония), Марян Йовановски (Амонасро), балет солисттері және т.б. орындайды. Дирижері - Иво Липанович (Хорватия), қоюшы режиссері Деян Прошев, сценографы Зоран Костовски, костюмдер бойынша суретшісі Елена Дончева, хореографы Снежана Филиповска.
- Бұл фестивальға әр түрлі елдердің опера шеберлері келді, мұнда Қазақстанды, "Астана Опера" театрын таныту мен үшін үлкен мәртебе. Әріптестеріммен тәжірибе алмасатыныма, білім жинақтайтыныма қуаныштымын. Осындай фестивальдар әртістермен тікелей танысып-араласуға мүмкіндік береді, себебі өнердің жалпы дамуы барысындағы қарым-қатынастар өте қажет. Мен акустикасының мықтылығымен аты шыққан Македония театры сахнасында алғаш рет өнер көрсетемін. Дж. Вердидің "Аидасы" - менің сүйікті операларымның бірі, мұнда әскерлері мысырлықтармен шайқасатын эфиопия патшасының қызы, күң Аида мен мысырлық әскер қолбасшысы Радаместің бақытсыз махаббаты баяндалады. Мен Амнерис партиясын түрлі шетелдік сахналарда орындап жүрмін, сонымен қатар оны отандық театрымның сахнасында шырқап жүрмін, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина.


Француз сыншысы Бруно Вильен OperaMagazine журналындағы (Nov., 102 бет) мақаласында Дина Хамзинаның шеберлігі туралы былай деді: «Амнерис рөліндегі жарқыраған әнші өзінің дарынды актриса екенін де көрсете білді».
Македония опера және балет театры мен «Астана Опера» театры тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасай бастағанын айта кету керек. Македония театрының сахнасында қазақстандық әншінің өнер көрсетуі – бірлесе жасалған жұмыстың нәтижесі.
Македония опера және балет театры 1927 жылы салынған. 1963 жылғы жер сілкіну нәтижесінде ғимараты қатты зақымданып, соңынан бұзылып тасталды. 1980 жылы сол жерде жаңа театр салынғанша, труппа 17 жыл бойы театр орталығында жұмыс жасаған.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер