BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Құдайберген қытайлықтарды жаңа жылмен құттықтады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол өзінің Instagram парақшасына осы мерекеге орай ССTV телеарнасынан тікелей эфир арқылы «Spring Festival Gala» фестиваліне қатысқанын мақтанышпен жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі

«Қымбатты менің тыңдармандарым! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Менің ұлы Отаным Қазақстанның атынан және өз атымнан сіздерге бар жақсылықты тілеймін! Сіздердің алдыңызда «Spring Festival Gala» фестивалінде өнер көрсетіп, шын жүректен музыкалық сый тарту мүмкіндігі бұйырғанына өте қуаныштымын!
«Spring Festival Gala» 1983 жылдан бастап ССTV телеарнасынан тікелей эфир арқылы бүкіл дүниежүзінде көрсетіледі. 2012 жылы бұл мерекелік концерт Европадағы танымал 180 млн телекөрерменi бар "Eurovision" əн байқауынан асып түсіп, ең көп телекөрермендер көретін бағдарлама ретінде рекордтық Гиннестің қызыл кітабына енді. Ал 2018 жылы «Spring Festival Gala» фестивалін əлемде 1,5 миллиардтан астам адам көрді. Əр түрлі жылдары бұл көнцертте есімі аңызға айналған Софи Марсо, Селин Дион, Джеки Чан сияқты əйгілі, атақты жұлдыздар қатысқан», - деп жазды әнші.

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер