BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Димаш Құдайберген Денис Тенге қолдау білдірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қолдау білдіріп, өзі де оның жанкүйері екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Димаш Instagram парақшасында жазды.

«Қазақ спортын əлемдік деңгейге шығарып жүрген, жүрегі қазақ деп соққан менің замандасым, алтын бауырым! Ауыр жарақаттан соң, досым мұз айдынына қайта оралып, өзінің нағыз ер жігітке сай қайсар мінезімен, билеу шеберлігімен асқан жоғары талғамымен, менің орындауымдағы əнге керемет бағдарламасын жасап өнер көрсетті. Сəл ғана аяғымыздың сіңірі тартылып кеткенде біраз уақыт дұрыс аяқ басуымыз екіталай. Мен сенің жанкүйеріңмін. Жарайсың Денис! Өнерімізбен спортымыз бір арнада тоғысқаны бақыт емес пе?! Əрқашан осылай болып жеңісті күндеріміз көп болғай!!!», - дейді Димаш.

Бұған дейін Денис Тен тамыз айында жарақат алып, кейінірек қайтадан мұз айдынына оралғанын жазған болатын.

Қазақ спортын əлемдік деңгейге шығарып жүрген, жүрегі қазақ деп соққан менің замандасым, алтын бауырым! @tenis_den Ауыр жарақаттан соң, досым мұз айдынына қайта оралып өзінің нағыз ер жігітке сай қайсар мінезімен, билеу шеберлігімен асқан жоғары талғамымен, менің орындауымдағы əнге керемет бағдарламасын жасап өнер көрсетті. Сəл ғана аяғымыздың сіңірі тартылып кеткенде біраз уақыт дұрыс аяқ басуымыз екіталай. Мен сенің жанкүйеріңмін. Жарайсың Денис! Өнерімізбен спортымыз бір арнада тоғысқаны бақыт емес пе?! Əрқашан осылай болып жеңісті күндеріміз көп болғай!!! _____________________________ Мой современник, золотой брат, патриот своей страны, благодаря кому спорт Казахстана поднимается на мировой уровень! @tenis_den После серьезной травмы мой друг вернулся на ледовую арену, где выступил с его храбрым характером, танцевальным мастерством, превосходным вкусом, как настоящий мужчина под песню моего исполнения. Даже когда у нас растяжение сухожилия ноги, восстановление может быть сомнительным. Я твой болельщик. Молодец, Денис! Разве не счастье ли, то что наше искусство и спорт сошлись в одном месте? Пусть всегда будет много победных дней, как и сейчас! _____________________________ My contemporary, a golden brother, a patriot of his country, thanks to whom the sport of Kazakhstan rises to the world level! @tenis_den After a serious injury, my friend returned to the ice arena, where he spoke with his brave character, dancing skills, excellent taste, like a real man to the song of my performance. Even when we have stretching the tendon of the leg, recovery can be questionable. I'm your fan. Well done, Denis! Is it happiness, then that our art and sport have converged in one place? Let there always be many victorious days, as now! #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер