BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Димаш Голливудта марапатқа ие болды

Еліміздің жас әншісі Димаш Құдайберген Голливудта халықаралық марапатқа ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті, менің тыңдармандарым!!!!! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада Голливудта "HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS" марапаттау кешiнде "Moonlight over the Sea" атты əнім "The best original song of video game"(Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор: Thomas Parisch мырзаны, осы жобаға атсалысқан Америкалық əріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын!! Тілеулес ағайынға барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Димаш әлемдік турнеге шығатыны туралы хабарлаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер