BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Димаш әлемдік турнесін уақытша тоқтатып, елге оралды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлемдік турнесін уақытша тоқтатып, елге оралды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Оның турнесі желтоқсанның ортасында басталған болатын.

Димаштың әлемдік турнесін халықаралық мамандар дайындады.

«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында жəне студияда өткіземін. Турнеде көріскенше», - деп жазды әнші Іnstagram парақшасында.

Бұдан бөлек әнші өз жанкүйерлерінің қолдауы естіліп жатқан видео салды.

«Фуджоудағы концерттен үзінді. Мен жанкүйерлерімнің жанкүйерімін. Рахмет», - деп алғыс білдірді.

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер