BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Диктатор» фильмінің көрсетілу мерзімі бітті

Ұлыбританиялық комик Саша Барон Коэн мен режиссер Ларри Чарльздің «Диктатор» комедиялық фильмін кинотеатрлар көрсетпейтін болды, деп хабарлайды Азаттық.

Алматыдағы «Арман» кинотеатрының касса қызметкері киноның екі аптаға жалға көрсетілу мерзімі бұдан екі күн бұрын біткенін айтқан.

«Диктатор» комедиясында Саша Коэн мемлекетті авторитарлық тәсілдермен билейтін генерал Алладин арқылы әлемдегі бірнеше диктатордың жиынтық образдарын сомдаған. Комедия Қазақстанда 17 мамырдан бастап көрсетіліп, кинотеатрларда «сұранысқа ие фильмдердің бестігіне» енген.

«Диктатор» фильмін көрсетуге Тәжікстан мен Түркіменстан тыйым салған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер