BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәурен Сейтжанов: Рок – жүрегімде

Жас әнші Дәурен Сейтжановпен сұхбат.

– Дәурен, сені көпшілік «Таңғы қала» әнімен жарқ етіп шығып, бірден «жұлдыз» болып кетті деп ойлайды. Шындығында солай ма?

– Алланың бұйрығымен, Ержан Серiкбаевтың қолдауымен, жарқ етiп шықсам да, «жұлдыз» болып кетуден Құдай сақтасын!

– Бұл әнді қалай еншіледің?

– Ерекеңнің үйінде Шымкентте дастархан басында сыйланған болатын. Жатқан жері жарық болсын!

– Тағы қай әніңді хит жасағың келеді?

– Оны уақыт пен тыңдарман шешеді.

– Өнер жолында қиындықтар көп кездесті ме?

– Қиындықтар әлі де бар. Болмаса, өмір тоқтағаны.

– Қазақстандағы рок жайлы не айтар едің?

– Мүмкін, ол адамдардың қызығушылығына байланысты шығар. Мұратжан Шомбалов – қазақстандық алғашқы рок-мэн. «Роксанаки» де кезінде ең танымал топтардың көшін бастады. Рок – өзінше бөлек әлем, бөлек мәдениет, ауыр және жеңіл деп бөлінеді. Рокты қабылдай алмайтындар жетерлік. Әйткенмен, рок десе, ішкен асын жерге қоятындар да кездеседі. Сондықтан ештеңе айта алмаймын, әркімнің өз таңдауы бар. Ал, шетелде аса сұранысқа ие бағытты қан қысымдарын көтеріп, әсерленіп тыңдайтындар бізде де жетерлік.

– Өзіндік стиліңді қалай қалыптастырдың?

– Жүре келе өзінен-өзі қалыптасты.

– Қыздардың рок айтқанын қолдайсың ба?

– Жоқ.

– Ең алғаш сол өзіндік стиліңмен ән айта бастағаныңда, сын айтушылар көп болды ма?

– Барлығына бірдей жағу қиын ғой.

– Көбі сені ресейлік трип-хоп орындаушысы Григорий Лепске ұқсатып жатады. Жалпы өзің еліктейсің бе?

– Тыңдармандарым егер Лепске ұқсатса, қайта қуанамын. Ұқсатқаны мен үшін қуанышты. Өйткені, Лепстің дауысын Ресейде нағыз еркектің дауысы дейді екен. Лепсті қатты құрметтеймін.

– Бала күніңде сүйіп тыңдаған рок-тобың болды ма?

– Жеңіл поп-рок тыңдап өстім.

– Мінезің рок орындаушыларына тән қатқыл сияқты…

– Мінезім бар – кейуақыт…….

– Сахнадағы эпатажың үйіңде де сондай ма? Яғни, рок стилінде безендіргенсің бе?

– Жоқ, үйім қазақи.

– Рок орындаушылар көбінесе қара түске жақын болады. Жаныңа қандай түстер жақын?

– Қара-көк, қара, сұр-металлик.

– Қалай киінесің?

– Жазда жеңіл,қыста қалың. Жалпы ыңғайлы болса дұрыс.

– Өзіңде рокерлерге тән стиль бар ма?

– Құлақ тескеннің бәрі рокер емес. Рокер болып құлақ тесу немесе панк болу меніңше, далбаса. Рок – жүрегімде.

– Шығармашылығыңда қандай жаңалығың бар?

–Жақында Зікіра Қожаевтың сөзіне жазылған Мұхит Қасқырбаевтың «Қайран, өмір» әнін жаздырып біттім. Оралдық ағаларым Ерікқали Ахметовтің сөзіне Арман Боранбаевтың әні «Қазақстан, жаса» әні, Талант Арғынғалидің сөзіне Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір» атты әндері жазылды.

 

 

– Тойға шақыртулар көптеп түсе ме?

– Ол да бар.

– Орындайтын әндеріңнен философия байқалады. «Қайран, өмір», «Кім білген» деген сияқты. Басқа қандай тақырыпта ән орындағың келеді?

– Халықтың көңілінен шығатын, болашақта тарихта қалатын болса, арманым жоқ!

– Өзің ән жазасың ба?

– Кейде бір шабыт келгендей болады. Әуендер құлағымда ызыңдап тұрып алады. Әлі жазбадым бірақ. Көре жатармыз. Бәрі де алғаш рет болады ғой.

– Әңгімеңе рахмет!

Әңгімелескен Мақпал ЖҰМАШОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер