BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Дарын" сыйлығына байқау жарияланды"

АСТАНА. 29 қыркүйек. BAQ.KZ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 1-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Дарын-2012» мемлекеттiк жастар сыйлығына конкурс жариялайды.

«Дарын-2012» Мемлекеттiк жастар сыйлығы (бұдан әрi – сыйлық) Қазақстан Республи­касының 35 жасқа дейiнгi аза­маттарына жемiстi ғылыми, шы­ғармашылық және қоғам­дық қызметтерi үшiн берiледi.
Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Сыйлық (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эс­тра­да, театр және кино, клас­сикалық му­зыка, қоғамдық қызмет атаулары бо­й­ынша екі жылда бір рет беріледі.
Сыйлық алу үшін қызметі ин­новациялық болып табы­ла­тын, тиісті саланы және жалпы қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
«Ғылым» номинациясы бой­­ынша қосымша міндетті мемлекеттік ғылыми-техни­калық са­рап­таманың қоры­тын­дысы ұсы­нылады.
Сыйлық алған адамдарға Қа­зақстан Республикасы Үкiме­тi­нiң «Дарын-2012» Мемлекеттiк жастар сыйлығының лауреаты» атағы берiлiп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етiледi.
Сыйлықтар салтанатты жа­ғ­дайда тапсырылады, марапаттау рәсiмi Қазақстан Респуб­лика­сының Тәуелсiздiк күнiне орай­ластырылады.
Конкурстық құжаттар а.ж. 1-27 қазан аралығында Қазақ­стан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетіне мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 635 каб., тел.: 74 23 52.
Қосымша ақпаратты Қазақ­стан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында көре аласыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер