BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Дарын-2012» сыйлығына үміткерлер анықталуда

Астана. 3 қазан. Baq.kz Серік Сәпиев спорт номинациясы бойынша «Дарын» мемлекеттік сыйлығына бірден-бір үміткер. 

Республикалық жастар ұйымдары 2 жылда бір рет өткізілетін республикалық шараға жас таланттардың тізімін жасап, 20 адамды ұсынып отыр. Спорт номинациясы бойынша тізімде Лондон Олимпиадасын бағындырған Ольга Рыпакова да бар. Гимнастшы қыздар Анна Алябьева мен Әлия Юсупова да республикалық жастар сыйлығына ұсынылып отыр. Спорт номинациясын қоспағанда жеңімпаздар 9 атау бойынша анықталады. Үміткерлерді жастар ұйымдары, не болмаса басқа мекемелер «Дарын» сыйлығына ұсына алады. 35 жасқа дейiнгi азамат жемiстi ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметімен ерекшеленсе болғаны.
Бейбіт ӘСЕМҚҰЛ, дизайн және бейнелеу өнері бойынша «Дарын-2012» мемлекеттік сыйлығына үміткер:
- Жақында Нью-Йоркте өткен халықаралық конкурста бас жүлдені жеңіп алдым. Таяу арада Қазақстан суретшілер одағына мүшелікке өтемін. Жеке шығармашылығымда болсын, қалалық болсын қосып жатқан үлесіміз көп. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер