BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Данэлия Тулешова балалар Eurovision байқауына қатысуға дайын

Фото: интернеттен

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Eurovision байқауына жолдама алуға таласады. Бұл туралы әртістің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін жас жұлдыздың байқауға сай келетін музыканың жоқтығынан қатысу-қатыспауы белгісіз болған еді. Алайда БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінен соң әншіге серіктестіктік орнату туралы бірнеше ұсыныс келіп түскен.

«Қуанышқа орай, байқауға және Данэлияның вокалдық мүмкіндіктеріне келетін бірнеше композицияларды таңдап қойдық. Тығыз графикке қарамастан қатысуға өтінім беріп, тыңдауға дайындаламыз», - деді педагог Наталия Чуракова.

Данэлияның өзі де алдағы тыңдалымның өте маңызды және Қазақстанда бәсекелестіктің жоғары екенін біліп отыр.

«Елімізде талантты балалар жетерлік. Олардың көбісімен таныспын. Кімде-кім іріктеу финалына өтпесе де, кімде-кім Еуровидениеде Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие бола алмаса да, мен оларға шын жүрегіммен жанкүйер боламын», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер