BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Данэлия Тулешова «Балалар дауысында» жеңімпаз атанды

Алматылық 10 жасар Данэлия Тулешова Украинадағы «Балалар дауысы» ән байқауында жеңіске жетті. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Данэлия өзінің жеңісіне қуанышын жасырмады. Байқауда оны дайындаған тәлімгеріне, қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Мен бұған сене алмаймын!!! Шынымен осылай болды ма?!! Достар, маған қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер – менің барымсыңдар! Өзімнің тәлімгеріме, тамаша музыкант @monatik_official-ге ерекше алғысымды айтамын. Ол біздің әрқайсымызға шын көңілімен сенді, біздің әрқайсымыз үшін шын жүректен жанкүйер болды... Қазақстанда мені қолдаған жерлестеріме де рахмет», - деп жазды талантты әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Данэлияның финалға өткені туралы хабарладық.

A post shared by


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер