BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада республикалық ақындар айтысы басталады

АСТАНА. Желтоқсанның 2-і. Baq.kz - Бүгін Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтеді. Дүбірлі дода желтоқсанның 4-не дейін жалғаспақшы.

Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысады.

Айтысқа Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов,  Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Қасқабасов Сейіт, Өмірзақ  Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық ететін болады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер