BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Астанада Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық одағының құрылтайы өтеді

АСТАНА. 7 желтоқсан. BAQ.KZ - Бүгін сағат 15.00-де Астанадағы Ұлттық кітапханада Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық одағының құрылтайы өтеді,- деп  хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайты.

 

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық одағыны айтыс ақындары мен жыршы-термешілерді бір ұйымға біріктіру мақсатында Республикалық қоғамдық бірлестік (РҚБ) ретінде құрылғалы отыр. 

РҚБ ендігі жерде айтыс пен терме-жырды насихаттауды да өз қолына алып отыр. Алдағы уақытта ғылыми практикалық конференциялар мен шеберлік сыныптарын өткізу, жас өнерпаздарды тәрбиелеп, қанаттандыру және оқу-үйрету жұмыстарын жолға қою жұмыстары аталған ұйымға жүктеліп отыр. Сонымен қатар, жаңадан құрылған қоғам қатысты кітаптар мен дискілерді шығаруды іске асырмақ. Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық одағыны өз басылымын шығарып, жеке сайтын ашуды жоспарлап отырғанын айта кеткен жөн. 

Құрылтайға республиканың барлық аймақтарындағы айтыскерлер, жыршы-термешілермен қоса барлық облыстардың Мәдениет басқарма басшылары қатысады деп күтілуде.

Құрылтайда 9  желтоқсан күні Астанада өтетін «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» атты республикалық айтыстың ақтық сайысы туралы да сөз болады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер