Бүгін Арменияда Қазақстан киносының күндері ашылады - Өнер|27 Тамыз 2012, 10:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін Арменияда Қазақстан киносының күндері ашылады

АСТАНА. 27 тамыз. Бүгін Арменияның астанасы - Ереван қаласында «Қазақстан киносының күндері» іс-шарасы салтанатты түрде басталады.

Тамыздың 31-іне дейін жалғасатын шара барысында армян көрермендеріне қазақстандық режиссерлердің үздік бес фильмі көрсетілетін болады. Олардың ішінде «Көшпенділер», «Балалық шағымның аспаны», «Жерұйық», «Кімсіз, Ка мырза?» және «Жаужүрек - мың бала» кинокартиналары бар.

Армениядағы «Қазақстан киносының күндері» екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың 20 жылдығына орай өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылары - Армениядағы Қазақстан елшілігі, «Қазақфильм» киностудиясы және Арменияның Ұлттық киноорталығы.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер