BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бисенғалиевтің бірегей оркестрі

Астана. 11 қазан. Baq.kz Алматыдағы Мәдениет жы­лы­на орай Қазақстанның ең­бек сіңірген қайрат­ке­рі, атақты скрипкашы, ди­рижер Марат Бисенға­лиев үш күн бойы Ала­тау аспанын сазға бөлейді. 

Осыған дейін шетелде тұ­рып, Батыс Қазақ­стан сим­­фониялық ор­кестрін бас­қарып келген скрип­ка­шы­­ға жақында жа­ңа жауап­кершілік жүк­­телді. Батыс­та­ғы ұжым жергі­лік­-
ті билік ше­шімімен өз жұмысын тоқ­та­тып, жан-жаққа тарап кет­кен­нен кейін өнер иесі Ал­матыға шақы­рылды. Марат Сәметұлы ен­дігі жерде өнер ордасында құ­рыл­ған жаңа симфониялық оркестрдің тізгінін өз қолына алмақ. Республика сарайындағы концерт осы оркестрдің тұсаукесері десек қателеспейміз. Шара І бүкіләлемдік орындаушылық өнері өкіл­дерінің конгресі шеңберінде жүзеге асады.
- 2005 жылы Англияда өткен концертімнен кейін Үндістанда симфониялық оркестр құру туралы ұсыныс түскен еді. Қазір сол ұжым табысты еңбек етіп, қанатын кеңге жайып келеді. Көптеген жетістікке қол жеткізді.
Алматы симфониялық оркестрінің де болашағы жарқын екеніне сендіргім келеді. Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 50 музыкант шақырылды. Ұжымды аяққа тұрғызу үшін Батыс Қазақстан филармониясы мен Үндістан симфониялық ор­кестріндегі тәжірибелерімді пайдаланамын. Бұйыртса, қысқа мерзім ішінде әлемге танымал болады деген сенімдемін. EMI, SONY BMG, Toccata Classic, Quartz, Abbey Road, Angels дыбыс жазу студияларымен бірігіп жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.
Музыканттарымыздың барлығы халықаралық деңгейдегі білікті орындаушылар. Бірқатарын бұрыннан жақсы білемін, танимын. Кәсіби ше­берлігі мықты мамандар. Репертуарымызға келсек, негізінен, қазақ күйшілері мен әлемдік дәрежедегі классикалық композиторлардың туындылары орындалады. Британ композиторы Карл Джен­кинспен қоян-қолтық қарым-қатынастамыз. Ол осыған дейін де бізге лайықтап бірқатар дүние жазған. «Шәкәрім» атты композициясын кеше алғаш рет тыңдарманға ұсындық.
Айта кетерлігі, ұжым бір орында отырып, тек қана осы қалада өнер көрсетумен шектелмейді. Негізінен, ел-елді аралап, ұзақ сапарға шығып тұ­рады. Бір сөзбен айтқанда, бұл бірегей оркестр шет мемлекеттерде Алматы мен Қазақстанды таныту, насихаттау мақсатын көздейді, құрылған себебі де сол, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, атақты скрипкашы, дирижер Марат Бисенғалиев.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер