BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биылғы экшн фильмдер фестивалі аясында жаңа байқаулар ұйымдастырылады

Астана.25 мамыр. BAQ.kz - Биыл дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан  "ASTANA" Халықаралық   экшн-фильмдер кинофестивалі үшінші рет өткізілмек. Шара Астананың туған күнін мерекелеу күндері шеңберінде 1-3 шілде аралығында ұйымдастырылады.

     Ұйымдастырушылар қазақстандықтарға нағыз кино мерекесін сыйлайды, Астана әлемдік кино жұлдыздарын, әйгілі актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін, продюсерлерді және әлеуетті инвесторларды жинайды. Кинофестиваль -  "экшн" мәнеріндегі үздік фильмдерді ұсынумен қатар, Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан астанасын көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Бүгінгі күні, динамикалық сюжеттері бар фильмдер әлемдегі кеңінен тұтынылатын фильмдердің алдынғы шебін құрайды.

     Фестивальдің ресми бағдарламасы АҚШ, Еуропа елдерінің, Азия және ТМД елдерінің 20 толық метражды ойын картиналарын байқаудан тыс көрсетуді көздейді. Үш күннің ішінде көрермендер танымал фильмдерді көре алады, жылдың кино жаңалықтарының премьераға дейінгі көрсетілімдеріне қатыса алады.

   Бұдан бөлек, фестиваль аясында Сценарийлер және қысқа метражды фильмдер байқауымен қатар талантты да шығармашыл жастарды іздеу мен оларға қолдау көрсетуді көздейтін «ART-FEST» деген атаумен жастарға арналған қосымша төрт байқау өткізіледі. Бұл-болашақ сценаристтер, режиссерлер, операторлар, суретшілер, аниматорлар, декораторлар, продюсерлер, масс медиа мамандарының шығармашылығын шыңдауға арналған тамаша мүмкіндік болмақ.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер