BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баянауылда «Жұлдызды Жасыбай» ретро-фестивалі басталды

Павлодар облысының бірегей табиғи аймағы – Баянауыл жері екінші «Жұлдызды Жасыбай» ретро-фестивалінің қонақтарын қарсы алмақшы.

 

КазТАГ хабарлағандай, Жасыбай көлі маңында өткізілгелі отырған бұл байқау «Дос-Мұқасан» ансамблінің 45 жылдығына арналады. «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшелері бастаған Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, «Орфей» тобы, «Жігіттер» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы т.б. секілді қазақ эстрадасының жұлдыздары шараға келіп жетті. Олардың бәрі де ретро-фестивальде «Дос-Мұқасан» тобының және басқа да қазақстандық авторлардың танымал әндерін орындамақ. Концертте «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері мен Павлодар облыстық сотының төрағасы Әуезнұр Қаженов бастаған құрылыс отряды қозғалысының ардагерлері «Тасқынды құрылыс отряды» деп аталатын кіріспе көрініс ұсынбақ.

Атап айтсақ, Жасыбай көлінің жағасында ұйымдастырылатын бұл фестиваль 21 шілде күні Баянауылда өтетін «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі сияқты жыл сайынғы жағымды дәстүрге айналған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер