BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бауыржан Ибрагимов Астанада әзіл-сықақ жанрындағы кәсіби актерлер дайындауға кірісті

Астана. 3 қазан. Baq.kz Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов Астанада әзіл-сықақ жанрындағы кәсіби актерлер дайындауға кірісті. Эстрада және миниатюра бөлімі елордалық Өнер Университетінің ішінен ашылып отыр. Белгілі сықақшыдан осы күннің өзінде 14 шәкірт білім алып жүр 

Бауыржан Ибрагимов, олардың қатары көбейе түсетініне сенімді. Сатирик, «терең білімді және ұшқыр ойды талап ететін сатира жанрында соңғы кездерде арзан күлкі, мағынасыз әзіл көбейіп кетті», дейді.
Бауыржан Ибрагимов, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі:
Мамандық тарыдай шашылып кетті. Кім көрінген сахнаға шығып жүр. Мысалы үшін, КВН-ның адамдары қазір өте керемет актер болып кетті. Олар актерліктің әліппесін оқымаған. Сахнада өмірі жүрмеген, тұрмаған адамдар. Мен қазір курс ашып, мына жас балаларды тәрбиелеп, театр ашып, елге ұялмай көрсететіндей кәсіби актерлерді дайындауға кірістім.

Ләззат БЕКТАС 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер