BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Батырхан Шүкеновтің туған жерінде әншіге арналған ескерткіш орнатылды

Фото: newtimes.kz

Әншінің туған жері – Қызылорда қаласында ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Оған Батырхан Шүкеновтің туыстары, достары мен жерлестері қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Ескерткіш қаладағы саябақтардың біріне орнатылды.

Мүсінде Батырхан Шүкеновтің «Отан Ана» әніне түсірілген бейнебаянындағы образы бейнеленген. Ол қолына саксафон аспабын ұстап тұр. Ескерткіштің жалпы ұзындығы – 3,6 метр, мүсіннің ұзындығы – 2,2 метр, тұғырдың биіктігі – 1,6 метр, ал мүсін қоладан құйылған.

Әншінің анасы Диляра Шүкенова облыс басшылығы мен ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

«Батырханның ескерткішін орналастыруға атсалысқандардың бәріне алғыс айтам. Мен ұлыма ескерткіш орнатылатынын және саябақ оның атымен аталатынын естігенде қуандым», - дейді ол.

Ескерткіш авторы – мүсінші Мұран Мансұров. Оның жобасы 2017 жылы байқауға қатысушы 8 жобаның ең үздігі болды. Ескерткіш Қызылорда облысы әкімінің тапсырысымен салынған.

Еске сала кетсек, Мұрат Мансұров – «Қазақ елі», «Мәңгілік Ел», «Керей мен Жәнібек» ескерткіштерінің авторы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер