BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Басты рөлін Батырхан Шүкенов сомдаған комедияның түсірілімі аяқталды

Алматыда латвиялық және литвалық режиссерлер Виктор Вилкс пен Славомир Леонтьевтің жастар аудиториясына арналған «Оқытушы» атты авантюралық комедиясының түсірілімі аяқталды. Бұл туралы бірқатар қазақстандық сайттар хабар таратты.

 

Басты рөлді Батырхан Шүкенов сом­дады. Кинокомедияны түсірушілер жоба қызықты әрі күтпеген тосын жағдайларға толы болады дегенді айтуда.
Ал оқиғаның өрбуіне келер болсақ, комедия махаббат сезімі туралы қызықты жайттарға құрылған. Жігіт сұлу қызға ғашық болады, оған ұнау үшін қыз оқитын университетке оқытушы болып жұмысқа орналасады. Біраз уақыт өткеннен кейін білім беру жүйесіне өзгеше көзқараспен танымал болған жас оқытушы факультеттің жұлдызына айналады. Фильмге кәсіби артистер емес, қарапайым адамдар түскен. Ал киноны түсірушілердің айтуына қара­ғанда, «Оқытушы» атты студенттік коме­дия осы жылдың қараша айында көрер­мендермен қауышпақ.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер