BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Баскетболшы Коби Брайнт «Оскар» сыйлығын алды

«Лейкерс» баскетбол клубының бұрынғы жұлдызы Коби Брайнттың өмірі мен карьерасы туралы «Қымбатты баскетбол» / Dear Basketball атты қысқа метрлі анимациялық фильм «Оскар-2018» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Тоқсаныншы мерейтойлы «Оскар» сыйлығын марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтіп жатыр. «Қымбатты баскетбол» фильмінің продюсері Брайнттың өзі болған және туындыны шығаруға атақты композитор Джон Уильямс пен аниматор Глен Кин қатысты. Оның премьерасы сәуір айында Трайбек кинофестивалінде өтті.

Фильмнің ұзақтығы - 5 минут 22 секунд. Брайнт спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген кездегі айтқан өлең жолдарына негізделген. Анимациялық фильмде өлеңді баскетболшының өзі оқиды.

Айта кетейік, Pixar студиясы түсірген «Коконың құпиясы» мультфильмі үздік анимациялық фильм аталымы бойынша «Оскар» алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер