BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

BAQ.KZ 1-ге толды!

Барша қазақы БАҚ-ты интернет желісінде бір алаңға топтастырып, жұртшылыққа қазақ тіліндегі тұщымды ақпараттар ұсынушы БАҚ.кз (www.baq.kz) ақпараттық порталының ашылғанына бүгін бір жыл толды ағайын!

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту мақсатында Байланыс және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша құрылған BAQ.KZ ақпараттық порталының тұсауы 2010 жылдың 24-ші қарашасында кесілген еді.
Ақпараттық кеңістікке жол тартқан жаңа порталдың негізгі көздегені интернет желісінде барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру және қазақ тілді БАҚ-тардың сайттарын көбейту болатын.  Осы-лайша қазақ тілді БАҚ-тың рейтингін көтеру, интернет желісіндегі қазақ тілді контент сапасын жақсарту, қазақ тілді оқырманның белсенділігін арттыру, ауқымды аудиторияға бағытталған ұлттық идеяны жүзеге асыру жоспарланған-ды.
Осы мақсатта baq.kz ұжымы бір жыл ішінде көптеген шаралар атқарды.
Атап айтқанда порталда 35 газет, 4 журнал, 10 радио, 12 телеарна, 27 электронды БАҚ айдарларға бөлініп топтастырылды. Қазірде оқырманның БАҚ.кз арқылы аталған ақпарат құралдарының кез-келгеніне қалаған уақытта кіріп әлемдегі ең соңғы жаңалықтарға емін-еркін қанығуына барлық мүмкіндікті жасалған. Яғни, оқырман порталда газет-журал, электронды БАҚ-тар сайтынан ақпарат алумен қатар, отандық радио, теле арналарды тікелей онлайын желісінде тыңдап, көре алады.


Сонымен қатар, қазақ тілді оқырманның ақпаратқа қолжетімділігін және белсенділігін артыру мақсатында порталда «Билік және саясат», «әлем», «қоғам», «мәдениет», «аймақ», «сұхбат», «экономика», «спорт» деп аталатын 8 айдар ашылды. Осы айдарларға әлемде және елімізде болып жатқан күнделікті ең соңғы, ең маңызды жаңалықтар орналастырылады. Материалдар заңды келісім бойынша еліміздің БАҚ-тарынан алынып отырады. Сонымен қатар, маңызды ақпараттарды порталдың өзі де ұсынады.


Порталдағы «Бейнежаңалықтар» бөлімінде еліміздегі телеарналардың күнделікті қорытынды жаңалықтарын көруіне мүмкіндік бар.


«Блогтар» бөлімінде елімізге танымал өнер жұлдыздары, қоғам қайраткерлері, лауазымды тұлғалар, қаламгерлер жеке блогтарын жүргізуде. Бүгінде бұл бөлімде 90-нан астам Блог ашылды.


Еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігінің БАҚ.кз ақпараттық порталына жүктеген негізгі тапсырмаларының бірі — сайттары жоқ қазақ тілді газеттерді ғаламторға енгізу.
Сайттары жоқ газеттер үшін baq.kz  порталында тегін бет беріледі. Ғаламдық желіге қосылғысы келген газет-журнал порталдағы «Аймақтық БАҚ» айдарынан арнайы бет ашуға мүмкіндік алады.
Қазірдің өзінде 60-қа жуық аудандық газет интернет-бет ашып, олардың газеттерін бүкіл республика жұртшылығының оқуына жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде барлық аймақтық БАҚ-ты интернетке көшіріп, қазақ тілді контент ауқымын арттыруға мүмкіндік бермек.

Тұсауы кесілгеніне көп уақыт өтпесе де, осындай шаралардың арқасында БАҚ.кз порталының оқырмандары күн сайын артып келеді. Интернет желісіндегі қазақстандық сайттардың рейтингісін анықтайтын жүйелердің мәліметтері бойынша baq.kz қазақ тілді сайттар арасында ең танымал ақпараттық порталдардың алдыңғы легінен орын алады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда Сайт оқырманының қомақты бөлігі шетелдегі қандастарымыз.
Қазірде порталды шетелдегі ағайынға кеңінен насихаттап, таныстыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер