BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Әзірет Сұлтан» мешітінің сайты ашылды

АСТАНА. 9 шілде. Жаңадан ашылған «Әзірет Сұлтан» мешітінің www.muslim.kz сайты көпшілікке жол тартты.

Сайт мұсылман бауырларымыз үшін пайдалы ақпаратқа толы. Сонымен қатар, сайт арқылы қызығушылық танытқандар көкейіндегі кез келген сауалға, бүгінгі қоғамның өзекті сұрақтарын «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлына жолдап, көңілге қонымды жауап ала алады.

Бұдан бөлек, сайтта Бас мешіт имамының әр жұмада айтқан уағыздарын қалың оқырман тыңдауға мүмкіндік алмақ. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті мен оның оқырман тартар сайтының ашылуы да азаматтардың рухани өміріндегі үлкен жаңалық болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер