BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Азиадаға арналып отыр

Таяуда әр тоқсан сайын шығып тұруды үрдіске айналдыра бастаған «The Astana times» (www.astanatimes.kz) басы­лымының кезекті нөмірі жарық көрді. Баста­машысы – Сыртқы істер министрлігі, ал шығару­шылары – «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің журналистері болып табы­латын апталық ағылшын тілінде әзір­ленген.
Көлемі 16 беттік, түрлі-түсті суреттермен әсем безендірілген оның алғашқы нөмірі былтырғы жылғы 1-2 желтоқсанда жарық көрген-тін. Ол Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне арналып еді. Ал мына нөмір елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан ҮІІ Қысқы Азия ойындарына арналып отыр. Мұнда Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггемен сұхбат бар. Содан кейін Астана және Алматы қалаларының әкімдері Иманғали Тасмағамбетов пен Ахметжан Есімовтің газет тілшілерімен әңгімелері берілген. Азиадаға келген шетелдік қонақтар мен туристер сондай-ақ осы апталықтан халқымыздың салт-дәстүрінен хабар беретін этно­граф С.Кенжеахметұлының «Дала дастарқаны» мақаласымен,  республикамыздың әсем табиғаты турал­ы айтылған тілшілердің «Әнші құм», «Шарын шатқалы», «Байқоңыр» және  «Кендірлі» сияқты көп­теген қызықты материалдарымен таныса алады. Дастан КЕНЖАЛИН. http://www.egemen.kz/27049.html

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер