BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Азиадаға арналған базарлықтар аз емес...

Қысқы Азия ойындары ол біздің мемлекет үшін спорттық жетістіктерді көрсетудің ғана емес, шет-шеттен келетін туристерге қазақ халқының салт-санасы мен мәдениетін, қала келбетіндегі жаңару мен жаңғыруды, Азия ойындары өтетін қос қала: Астана мен Алматы халқының ішкі мәдениеті мен қонақжайлығы, қарым-қатынасы мен қызмет көрсету деңгейінің сынға түсер шағы.
Азиада ойындарына демеуші-серіктес болған әрбір компанияның осы бағытта қызмет етіп жатқандығына сенгіміз келеді. Солардың бірі «Әдемі-ай» Өнер үйі кәдесыйлар топтамасын шығарды. Орталық Азия ойындарына арналған ұлттық үлгідегі киім-кешек нұсқалары мен Азиада белгісі бар зергерлік бұйымдарды тарту етті. - Біздің компания кәдесый­лар­дың жетпістен астам түрін ұсы­нып отыр. Мәселен, қазақы тақия киген әртүрлі көлемдегі барыс бейнесі, Медеу, трамплин, бре­локтар тағы да басқа қысқы Азиа­да ойындарының белгілеріне тапсырыс үлкен. Олардың бағасы 150 теңгеден бастап 50 000 теңгеге дейін жетеді, - дейді осы жөнінде «Әдемі-ай» Өнер салонының директоры Баһаргүл Төле­ген­қызы. Сондай-ақ ол топтамадан ба­рыс бейнесіндегі Азиада флеш­каларын, хрусталь брелоктарды, барыс брелоктарды, Медеу шатқалы бейнеленген бір кісілік фарфор сервизі, еліміздің көр­некті жерлері бедерленген әртүрлі сипаттағы магниткаларды, барыс бейнелі магниткаларды, Қысқы Азиадаға арналған он бір түрлі спорт ойындарының медаль­дарын, Қазақстан Азиадасының тұмары - Барыс бейнеленген жұмыс орнына арналған Азиада кәдесыйын кездестіруге бола­тынын айтады. Қысқасы, ту­рис­терге ұсынар Азиада базарлықтары аз емес, ал енді мемлекетімізге Қысқы Азия ойындары ұсынар базарлықтардың аз болмауын тілейік. Ерлан Жүніс http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5969&Itemid=2

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер