BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов театрына директор болып тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Танымал актер Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып тағайындалды. Бұл туралы аталған театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ақ-Зия Жайлы Facebook-гі парақшасында жазды.

«ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен: таланатты театр және кино актеры, білікті продюсер, танымал тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директорлық қызметке тағайындалды», - деп жазды ол.

Сонымен қатар ол, бұл ұжымды төрт жыл басқарған бұрынғы директор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов жаңа қызметтік орынға баратындығын да айтқан.

«Ұжымның әрбір мүшесінің қамын ойлап, шығармашылық пен басқаруда жан-жақты жанашырлық ұстаныммен іс қыла білген Сәбит Әбдімүтәліұлына абыроймен атқарған қызметтеріне алғыс айта отырып, барған жеріңізге бақ орнатыңыз, жолыңыз болсын!, дейміз. Ал, жаңа басшының алдағы қызметіне мол сеніммен, табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз!», - деп жазды А.Жайлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер