Ая Бапани қазақтың ұлттық көйлектері хиджабтан әлдеқайда әдемірек дейді - Өнер|11 Тамыз 2012, 20:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ая Бапани қазақтың ұлттық көйлектері хиджабтан әлдеқайда әдемірек дейді

Дизайнер Ая Бапани арнайы фотосессия дайындап, хиджаб киюге ықылас танытқан қыздарға қазақтың ұлттық көйлектерінің араб киімдерінен әдемірек екенін дәлелдемек.

«Экспресс-К» басылымы жазғандай, Ая Бапани – қазақ көркемсурет өнерінің классигі  Әлібай Бапановтың қызы. Алматыда өткен соңғы Жоғары сән апталығында Ая басты жүлдені жеңіп алды,  оны тіпті «жыл жаңалығы» деп атады, ал сәнқойлар қазір  Аяның сәнді сарафандарын  сатып алу үшін ақша жинауда.  Дизайнер ұсынған көйлектің бағасы  үш мың долларға дейін бағалануда. Жақында анықталғандай, оның киізден жасалған сән үлгілері  сақ тайпалары әйелдер қауымының киім үлгісін қайталайды. Бұл – біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдық, яғни қола дәуірі – ашық матриархат кезеңі.

Айта кетейік, Ая Бапани халықтық салт-дәстүрлерге айрықша құрметпен қарайды. Барлық шығыс қыздары сияқты ол киімнің тым ашық емес, ислам шарттарына сай жабық болғанын қалайды. Дегенмен де Ая қазақтың ұлттық көйлектерінің хиджабтан әлдеқайда әдемі де тартымды екендігіне діни сенімге бой алдырған мұсылман қыздардың көзін жеткізбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер