BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астананың туристік символы қандай болуы керек?

Астана. 26-қыркүйек. BAQ.KZ. Қала күніне дейін Астана қаласының туристік символына байқау жарияланған еді. Сәтті ұсыныстар болмаған соң, байқау мерзімі ұзартылды. Түрлі ұсыныстар мен туристік символға лайықты суреттер қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отырады. Солардың бір парасын ұсынып отырмыз.

"Бәйтерек" Халықаралық медиаорталығының директоры Жанар Колбачаеваның айтуынша, лайықты жобалар ұсынылғанша байқау жалғаса бермек. Бірақ, Жанар ханым сәтті жобалар туралы да айта өтіпті.

Мәселен, сол жобалардың бірі мүйізді арқардың басы. Арқаның қысына жануарлардан тек арқар ғана шыдайды екен. "Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар" дейтін сөз қазақта бекер айтылмаса керек. Бірақ, арқар Арқаға тән жануар болғанмен, меймандарды шақыруға келгендегі атқарар рөлі сәл әлсіздеу.
Туристік символ ретінде біреулер қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты ұсыныпты. Сондай-ақ, бұл қатарда Күн бейнеленген жоба да бар. Алайда, сәтті шыққаны 2 жасар баланың басын жерге қарата еңкейіп тұрған бейнесі. Қазақта мұны "жол қарау" дейді. "Жол қарау" деген қонақ шақыру, мейман күту деген ұғымды білдіреді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер