BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астаналықтар денесіне жылқының, сосын Мәдина Сәдуақасованың бейнесін салдыртуды жөн көреді

Астаналық тату-салондарда сұранысқа ие танымал суреттер қатарына ақалтеке аттары мен Мәдина Сәдуақасова бейнелері, тіпті «Қазақстан-2030» жазуы кіреді екен. Жалпы алғанда, Қазақстанға қатысы бар суреттер, жазулар астаналықтардың қызығушылығын тудыратын көрінеді.

«Жуырда мен ақалтеке суретін салуға  тапсырыс алдым. Арғымақ қазақ бөрібасарының маңында бейнеленген. Ол менің сүйікті жұмысым және клиент оған 50 мың теңге төледі», - дейді тату шебері Руслан Батырбаев. Бұл жөнінде  «Экспресс К» газеті жазады.

Келесі тапсырыс берушілердің бірі кеудесіне Мәдина Сәдуақасованың суретін салдыртса, тағы бірі Лидоның бейнесін таңдапты. Астаналық тату шеберлері отандық футболға артып келе жатқан сүйіспеншілікті байқаған. Мәселен,  қарағандылық «Шахтер» жанкүйерлері сүйікті футбол клубының белгісін салдыртуға жиі тапсырыс береді екен.

Бір күні салонға егде тартқан кісі келіп, «Қазақстан-2030» деген жазуды салдыртыпты. Оған мемлекет тарапынан үй салуға көмек берілген  көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер