BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы өткен айтыстың бас жүлдесі оралдық ақынға бұйырды

Бүгін елордада қала күніне арналған «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі аясында осымен 9-рет өткізілген республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Қазылар алқасы үздіктерді таңдауда айтыскерлердің түрлі жанрларда айтқан өлең жолдарына баса мән берді. Осындай сыннан сүрінбей өткен Оралдан келген ақын Бауыржан Шимердин бас жүлдені жеңіп алды. Ал ақтөбелік айтыскер ақын Ершат Қайболдин бірінші орынды иеленсе, екінші орынға екі бірдей ақын лайық деп танылды. Олар - шымкенттік Дәурен Ақсақалов пен қызылордалық Ержан Әміров. Үздік үштікке бірден төрт ақын ие болды. Олар - түркістандық Тұрар Тілеулиев, тараздық Аруна Керімбек, алматылық Аялым Жұмабек және ақтөбелік Марат Ахметовтар.

Қазақпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер