BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы мұсылман зиратында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. 24 қыркүйек. Елорданың «Жастар» шағын ауданындағы «Қараөткел» мұсылман бейітінде 1609 жылдан 1962 жыл аралығында мәйіттер жерленген. 2010 жылы Астана әкімдігінің қаулысымен зиратқа жергілікті маңыздағы ескерткіш мәртебесі берілді.

2012 жылдың жазынан бастап онда жерленгендердің паспорттық мәліметтерін тереңдету үшін  ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, онда жерленген танымал адамдар анықталуда. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ғалымдар Целиноградтың, Ақмоланың, Астананың тарихында жаңа беттерді ашуға негіз болатындай жаңа тізімді жария етуді жоспарлап отыр.

Құлпытастағы жазулар араб және парсы тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде аталған аудармаларды қазақ және орыс тілдерінде жасау үшін Астана мен Алматының ғалымдары тартылды. 2012 жылдың қарашасында тиісті жұмыстар аяқталып, ғылыми қорытынды жасалады деп күтілуде.

Айта кетейік, бейітті қоршау бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Белгілі болғандай, осы жұмыстарға Гуцариев есімді ағайындылар меценаттық еткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер