BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы Қазақстан тарихы мұражайы 2013 жылы пайдалануға беріледі

Астана қаласындағы 2011 жылы құрылысы басталған Қазақстан тарихы мұражайы 2013 жылы пайдалануға берілмек. Бұл туралы astana.kz сайтында хабарланды. 

9,4 гектар аумақта орналасқан мұражай ғимаратында 250 орындық мейрамхана, 300 орындық акт залы, 60 орындық конференц-залы, 138 орынға арналған кітапхана болады. 470 автокөлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мұнда 400 мұражай қызметкері мен Қазақстан тарихы ҒЗИ-дың 500 маманы жұмыс істейтін болады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігі ескерілген. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер