BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада жас суретшілердің тәуелсіздікке арналған байқауы өтіп жатыр

Астана, BAQ.KZ. Астанада республикалық «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» декоративті-қолданбалы өнер және балалар суретінен байқау өтіп жатыр. Бұл туралы қалалық Оқушылар сарайы хабарлады.

Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.

«Шараның негізгі мақсаты мен міндеті: республикалық ауқымдағы шығармашылық байқауға қатысу арқылы оқушыларды Отанға деген махаббатқа, адамгершілікке, руханиятқа, патриотизмге, ұлттық мәдениетке деген құрметке тәрбиелеу, сонымен қатар талантты және дарынды балаларды анықтау, олардың өз өнерін дамытуына мүмкіндік беру», - делінген хабарламада.

Шығармашылық жарысты астаналық білім басқармасы мен Оқушылар сарайы ұйымдастырды. Жеңімпаздар кубокпен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер