BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Тайвань суретшілерінің көрмесі ашылды

Фото: Нұржас Жақсыбай

ҚР Ұлттық музейінде Мәскеудегі Тайбэйско-Мәскеу экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдігінің қолдауымен «Шығыс күнтізбесі» атты Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстарының көрмесі ашылды, джеп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстары бұған дейін Ресейдің мұражайлары арқылы 2017 жылдың соңында Новосибирскіде, Иркутск көркемсурет мұражайында, содан кейін Томск көркемсурет мұражайында көрмеге ұсынылған. Бұл көрмеге 12 символдан тұратын Тайвань суретшілерінің 83 графикалық жұмыстары ұсынылып отыр.

Тайвань Ұлттық бейнелеу өнері мұражайында жыл сайын жыл басы бейнеленген суреттер арасында байқау ұйымдастырылады. Шығыс күнтізбесінде 12 таңба бар: егеуқұйрық, бұқа, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, жылқы, ешкі, маймыл, тауық, ит, шошқа. 12 жылдық альтернативті жануарлар белгілері мен 5 түрлі түсті элемент (Жер, Металл, Су, Ағаш, Өрт) алпыс жылдық циклды құрайды. Соңғы цикл 1960 жылғы 28 қаңтарда басталған.

Бұл байқау 30 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған байқауға ксилография, литография, шелкография графикаларын басып шығару үшін баспа графикасының әртүрлі әдістемелері бойынша жұмыс істейтін шеберлер шақырылады. Жұмыс заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Байқауға қатысушылардың жасы бойынша ешқандай шектеулер қойылмайды. Бұл шара Жаңа жыл қарсаңында күнтізбеге сай өткізіліп, жұмыстар Ұлттық музейде ұйымдастырылған көрмеде көрсетіледі.

Соңғы 33-ші конкурс 2018 жылы иттер жылына арналды. Ит жылы Шығыс күнтізбесінде ең қолайлы жыл болып саналады. Ал 2019 жылы 60-жылдық цикл Шошқа белгісімен қорытындыланады. «Шығыс күнтізбесі» көрмесі аяқталатын кезде бірнеше Тайвань шығармашылық туындыларын Ұлттық музейдің қорына табысталмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер