BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Елбасы арманы – асқақ Астана» атты фотокөрме өтеді

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Тәуелсіздік сарайының көрме залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы арманы – асқақ Астана» атты фотокөрме өтеді.

Бұл туралы Елорда Инфо Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап мәлімдеді. Көрмеде Елбасының қызметін, негізгі идеяларын, бастамаларын, тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары мен ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қазіргі тарихтағы рөлі туралы баяндайтын фотосуреттер қойылады.

Фотосуреттерде экспозиция авторлары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін көрсетуге тырысады.

Фотокөрме 30 қарашадан бастап 30 желтоқсан күніне дейін жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер