BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада екі күнге жалғасқан этно-мәдени шоу өтеді

Қала әкімдігінің қолдауымен 23 және 24 маусымда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда "The Spirit of Astana 2017" қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.kz.

Қазақстандық Tengri FM Ұлттық радиостанциясының қолдауымен 2012 жылы бекітілген мультимәдениетті жоба қазақ жерінде қазіргі заманғы этникалық музыка өнерінің жарқын өкілдерінің басын қосып, қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Дала халқының және әлемнің мұрасымен таныстырады.

"Екі күн бойы қонақтар жарықтық музыкалық шоу тамашалайды. Сахна төрінде Африка, АҚШ, Македония, Грузия, Венгрия, Ресей, Қазақстан, Башқұртстан, Бурятия, Тува және басқа да мемлекеттерден келген 14 музыкалық ұжым өз өнерлерін ортаға салады. Сахнадағы іс-қимылдар алаңның кез келген бөлігінен көрінетін болады. Ал сахнаның жан жағында үлкен Led-экрандар тұрады, осылайша көрермендер шоудың барлық элементтерін тамашалай алады" - дейді ұйымдастырушылар.

Қазақстаннан шараға Tigrahaud, Drums of Almaty этно-рок-тобы, қазақстандық сахна мэтрлері Edil Khusainov and Satzhan Project, Nariman Issenov, Roman Bazhanov, Rustam Ospanoff, Arsen SuperFly диджейлер қатысады.

Аңызға айналған ресейлік этно-фолк әнші Инна Желанная фестивальге алғаш қатысып, орыс халық шығармашылығын таныстырмақ.

Көмеймен ән айту өнерінің шеберлері көрермендерге нағыз тосын сый дайындады – төрткүл дүниеге танымал тувалық Huun Huur Tu тобы сахнада «Грэмми» сыйлығын екі рет иеленген американдық ди-джеем Carmen Rizzo-мен өз өнерн ортаға салады.

Малиден келетін Tamikrest тобы музыкалық шоу барысында ерекше африкандық колорит береді. Грузиядан GeoTrain триосы, Венгриядан Motiva Zenekar, Македониядан Ljubojna қатысады, ал Бурятияның музыкалық байлығын Namgar тобының орындауында тыңдауға болады.

Серпінді және әсерлі Argymak ұжымының музыканттары бауырлас башқұрт халқының дәстүрлі музыкасымен көпшілікті қуантпақ.

Мұнымен қоса, сахна төрінде ғарыштық әуеннің сүйемелдеуімен көмеймен айтылатын созыңқы сарындар орындалады. Мәдениеттер біріккен бірегей музыкалық туындыны көрермендерге герман-бурят-тувалық Stеppe Scape триосы ұсынады.

Фестивальдің тағы да бір ерекшелігі – шеберлердің этникалық қалашығы болмақ, онда қолдан жасалған кәдесыйларды, музыкалық аспаптарды, киімдерді көруге және сатып алуға болады. Қонақтарға ыңғайлы болуы үшін қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылады.

The Spirit of Astana фестивалі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп өткізіледі. Іс-шараның бас серіктесі «Magnum Cash&Carry» компаниясы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер