BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада бард әншілер бас қосады

Фото: elarna.com

Елордада 18-ші халықаралық авторлық әндер кеші өтеді - деп хабарлайды BAQ.kz порталы.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

18-ші рет өткізілгелі отырған шараға Қазақстан, Ресей және Украина елдерінің орындаушылары мен авторлары қатысады. Владимир Васильев (Харьков), Раиса Нур (Мәскеу), Надежда Коваленко (Новосібір) және Жеңіс Искаков (Омбы) фестивальдің құрметті қонақтары болады. Мерекелік бағдарламаға концерттер мен конкурстар енді.

Шара сағат 20.00-де қалалар шеруімен ашылады, сағат 21.00-де фестиваль қонақтарының концерті өтеді, ал сағат 23.00 делегациялар өз өнерлерін ортаға салады.

Сенбі күні, 23 шілдеде авторлық әндер фестивалі таңғы сағат 10.00 жаттығудан басталады. Содан кейін балалар концерті, фестиваль қонақтарының қатысуымен шығармашылық кездесулер мен шеберлік дәрістері, «Пегас» клубының әдеби-поэтикалық оқулары ұйымдастырылады. Сенбілік кеш концертпен аяқталады.

Жексенбі күні гала-концерт пен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді. Фестиваль Қарағанды тасжолының бойындағы «Причал» қонақ үйінде өтеді. Толық ақпаратты 8-701-532-4408 телефоны бойынша алуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер