BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Астанада алғаш рет Юрмала фестивалінің аналогы өтеді

КВН ойынының жаңа форматтағы «Еуразия кубогы» 4 шілдеде «Барыс Арена» мұзайдыны сарайында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фестивальге КВН жоғары лигасына қатысушы 8 команда өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Олардың арасында Қазақстанның намысын биыл КВН ойындарының премьер лигасында қорғайтын «Сборная Коргалжино» командасы да бар. Кеш жүргізушісі – кіші Александр Масляков.

Әзіл кешінде КВН-ның Жоғары лиганың чемпионы – «РУДН», Жоғары лиганың 2014 жылғы жеңімпаздары – түмендік «Союз», Жоғары лиганың финалистері – «Борцы», «Раисы», «Плюшки» және «Русская дорога» сияқты үздік командалар бәсекеге түседі. Шара барысында Жоғары лиганың өткен жылғы жеңімпазы «Спарта Номад» командасы Астананың намысын қорғайды.

«Еуразия кубогында» әрбір команда сахнаға екі мәрте шығады. Әзілкештер «Сәлемдесу» мен команда көшбасшыларының әзіл-қалжыңдарынан, музыкалық нөмірлер мен жаттығудан тұратын «Триатлон» сайыстарында өнерлерін ортаға салады.

Фестиваль жеңімпаздарын КВН ойындарының тұрақты төрешісі Юлий Гусман жетекшілік ететін білікті қазылар алқасы анықтайды. Төрешілер құрамына сондай-ақ, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, КВН-да қазылар алқасында жиі болатын Алексей Ягудин, «Казахи» КВН командасының капитаны - Нұрлан Қоянбаев және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері енді.

Күлкі фестивалін тамашалаймын деушілер билеттерді www.topticket.kz. сайтында сатып ала алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер