BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Н.Ә.Назарбаевтың өмірі туралы фильм тегін көрсетіледі

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың кинотеатрларында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Менің балалық шағымның аспаны» фильмі тегін көрсетіледі, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты. 

«Менің балалық шағымның аспаны» фильмі - Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы мен жасөспірім кезі туралы түсірілген Рүстем Әбдірашевтың бірегей көркем картинасы. Фильм «Оңшылдар мен солшылдарсыз», «Әлемнің эпицентрі», «Еуразия кіндігінде» кітаптарының желісі бойынша түсіріліп, Мемлекет басшысының нақты өміріндегі оқиғаларды бейнелейді.

Фильм Арман 3D кинотеатрында («Азия Парк» СОО) сағат 11.00-де (орыс тілінде) және 13.05-те (қазақ тілінде), Кинопарк-8 3D кинотеатрында («Сарыарқа» СОО) сағат 10.30-да (орыс тілінде) және 11.30-да (қазақ тілінде), Арсенал 3D кинотеатрында 10.30-да тегін көрсетіледі.

Еске салайық, 27 қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Астана кинотеатрларында әрбір кино қойылар алдында Президент туралы, оның жетістіктері мен Астананың дамуы туралы роликтер көрсетіліп келді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер